«Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 1619/23 Қаулысы (2012.07.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 1619/23 Қаулысы

(2012.07.02. берілген өзгерістермен)

 

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 1700/27 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қоргау туралы» Заңының 20-бабына, Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы «Павлодар қаласының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 79/29 шешіміне сәйкес, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2012.07.02. № 299/5 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:

1) табысына және отбасы кұрамына қарамастан, азаматтардың мынадай санаттарына (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік көмек алатын адамдардан басқа) жерлеуге арналған біржолғы әлеуметтік көмек:

қайтыс болары алдында жұмыс істегендер;

қайтыс болары алдында «Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі - Бөлім) есепте тұрған жұмыссыздар;

стационарлық емделуде жүрген кезде қайтыс болғандар;

зейнеткер жасы алдындағы жұмыс істемегендер: жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне қарамастан ерлер 58 жастан, әйелдер 53 жастан;

жұмыспен қамту органдарында тіркелуіне және жасына қарамастан, Ауғанстандағы соғыс әрекетіне, Чернобыль атом электр станциясында (бұдан әрі - ЧАЭС) апат салдарын жоюға қатысқан жұмыссыздар;

туберкулезбен, онкологиялық аурумен ауырғандар, жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандар;

жедел әскери кызметтерде қайтыс болғандар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.